Бірегей оқу орны
Бірегей оқу орны

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті –әрбір мектеп бітіруші түлектің ойланбастан таңдайтын және осында білім алатындығын мақтанышпен айта алатын Қазақстандағы теңдессіз университет. Ол тек жоғары кәсіби білім беру ордасы ғана емес,  сонымен қатар, ғылымды инновациялық  тұрғыда дамытудың ұлттық көшбасшысы.Университеттің өзге де жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, еліміздің жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері  болып тұңғыш рет Қазақ Ұлттық университеті атанды.

Үстіміздегі жылы халықаралық QS рейтингтік агенттігінің зерттеулеріне сәйкес, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  165-орынды иеленіп, Қазақстандағы бірегей оқу орны болып отыр.Университет 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды.

Университеттің кадрлық және материалдық жабдықталуы да жоғары сапа көрсетіп келеді. Оның көрсеткіші – ҚазҰУ-дың мыңдаған түлегінің Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлерде өндірістің барлық саласы бойынша табысты еңбек етіп, жетекші мамандарға айналуы. ҚазҰУ-дың студенттерге арналған көркем де жайлы қалашығы кез-келген арман қуған жас  талапкерді бей-жай қалдырмайтыны анық. Себебі, барлық жағынан толықтай қамтамасыз етілген студенттер қалашығы Орталық Азиядағы ең үлкен қалашық болып табылады. Университеттің барлық факультеті өз міндеттерін мүлтіксіз орындауда. Соның ішінде Философия және саясаттану факультеті еліміздегі әлеуметтанушы, саясаттанушы, дінтанушы, мәдениеттанушы, философ, психолог мамандарын дайындайтын жетекші кафедралардан құралған. Факультеттегі дінтану мамандығы жас, сондықтан да зерттеулерді көп қажет етеді. Сонымен қатар, әлем бойынша бүгінде дінге қатысты мәселелер ушығып тұрған тұста білімді мамандар да ауадай керек. Біздің факультет осы жолда табысты еңбек етіп келеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

«Дінтану» мамандығы,

4 курс студенті Маусымбаева Д. Е.

PhD доктор Альджанова Н. К.

https://www.kaznu.kz/

DanaDana
3 жыл бұрын 1261
0 пікір
Блог туралы
0
0 0 0 0 0